Очередная партия гуманитарной помощи для Украины отправлена из Казахстана
Мемлекет басшысының тапсырмасымен
Қазақстаннан Украинаның мұқтаж азаматтарына гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберілді
2022 жылғы 28 наурызда Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласынан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтарына гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізу үшін арнайы рейсті ұйымдастырды.
Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.
Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мем